ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» ФОНД "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ": С ЛЮБОВЬЮ К РОДНОЙ ЗЕМЛЕ
kz ru en

СКАЧИВАЙТЕ И ПОЙТЕ ПЕСНИ ВМЕСТЕ С ФИНАЛИСТАМИ «BALA TURKVIZYON» - 2015!

Думан Марат

1

Біз тынбай ұмтылып келеміз,
Үміт барына сенеміз.
Арманға жетеміз,
Оу оу

припев

Сол армандарға, қарай самға,
Тоқтаусыз алға.
Оууу оуу-оууу

2

Ол елестеп тынбай көзге
Қолын бұлғайды бізге.
Шақырады күнде,

Бір алып тұлға ұяңды.
Тебрентіп барлық жанды,
Үмітке толды.

bridge

Біз күтіп жүрміз,сеніп жүрміз,
Жеңіс күніне...
Оууу Оуу оууу
Біз жеңіске сенеміз,
Арманға жетеміз.
Оу оу

«Жеңіс күні»

Музыка: Сержан Бақытжан

Слова: Сержан Бақытжан

Исполнитель

Мария Кунщикова, Маулен Қадыров

1

Менің Қазақстан туған жерім,
Қасымдағы сұлу керім.
Таңдап алған менің теңім,
Сенің жеткіліксіз екен сөзің.
Араласаң қазақ жерін,
Таң қалатын едің өзің.

припев

Тауларым өзен көлім, асқар белім,
Ғажапстан,
Елім байтақ жері, аспан көгім Қазақстан.

2

Сәнім Тарбағатай Алатауым,
Баянауыл, Көкшетауым.
Өзің айтшы басқа тауын,
Тағы айтпадың ғой Балқаш көлін,
Бурабайдың Шалқар төрін көрмегенсің бе әлде көбін?

3

Сұлу біздің елде өмір сүру,
Таң-тамаша ойнап күлу.
Керемет қой бірге жүру,
Келсең табиғатын көзбен көрсең.
Қазақстан ғажап деуші ең,
Сөзімізге осы сенсең.

«Елім»

Музыка: Шамшаддин Омаров

Слова: Тоба Өтепбаев

Исполнитель

Ақжан Байзақ

1

Кең даламда келемін, Кереметін көремін.
Тауларымен бауларын,
Тамашалай беремін.
Ахау белес- белес белдері,
Мөлдіреген көлдер.
Желбіреген гүлдері ғажап,
Ашық арайланған аспаны.
Алтын нұрын шашқаны,
Алатаудай асқары.

припев

Жерұйық жерім,
Бақыттымын сен барда.
Сенен артық жер барма,
Қасиетті киелім.
Ерікті елім,
Алтын ата мекенім.
Сені мақтан етемін,
Басымды мен иемін,
Ерікті елім.

2

Жасыл кілем жайлауы,
Қойға толы қойнауы.
Мереке мен береке,
Таусылмаған тойлауы.
Ахау белес-белес белдері,
Мөлдіреген көлдері.
Желбіреген гүлдері ғажап,
Ашық арайланған аспаны.
Алтын нұрын шашқаны,
Алатаудай асқары.

3

Самғай бер елім,
Жерұйықты жерім.
Жайнай бер елім,
Мақтанышым менің.
Самғай бер елім,
Жерұйықты жерім.
Баса бер алға, тек алға,
Біз барда бауырларым, бауырларым.

«Ерікті елім»

Музыка: Марсель Алсейітов

Слова: Әбдірахман Асылбек

Исполнитель

Аружан Сағынғалиева

1

Жол болсада шалғай,
Мұң талабың талдай.
Арманым,таңдарым,
Самғап ұш та
Жетеле алысқа.
Білмеймін бағым, жақын алыспа,
Түстім бір жарысқа.

припев

Өмірім әнім,
Өнерім бағым.
Болшы дерек жаныма,
Болсада ауыр.
Аяма тәңір,
Бақ ырысым.

2

Сен жүрегімнің үні,
Сен тілегімнің нұры.
Еркімді,дертімді сен емдедің,
Шайқалған желегім.
Өнерден бақыт тапсам сенемiн,
Тағдырым жiбегiм.

«Өмірім әнім»

Музыка: Арман Дүйсенбі

Слова: Бауыржан Бимахан

Исполнитель

Айман Аман

1

Халқы сүйіп,ардақтар,
Сайын қыран саңлақтар,
Олар елін қорғаса,
Оларды да ел мақтар,
Қайсар батырлар,батырлар!

припев

Асқақтаған аттары,
Түған елдің мақтаны.
Қаны мен де жанымен,
Ел абыройын сақтады.
Олар өшпес жарық күн,
Тұяғы олар алыптың,
Арысы да осылар,
Намысы да халықтың,
Батырлары елімнің.

2

Жатыр жарқын жол алда,
Бас иеміз оларға.
Осы бейбіт күн үшін,
Қарыздарымыз соларға,
Нағыз батырлар,батырлар.

3

Ән, жыр болып төгілдің,
Жұлдыз болып көріндің,
Ерліктерің өшпейді,
Батырлары елімнің!
Жаса батырлар,батырлар!

«Батырлары елімнің»

Музыка: М. Жәутіков

Слова: И. Исаев

Исполнитель

Құралай Мейрамбек

1

Туған ел қырымызда көктегі,
Биіктей бер.
Жұлдызы жарық, есімі анық,
Әнімді жанымды тербегенде.

припев

Аққудай ақ көңілім, жүрегім еліме,
Арманым алға жетеле.
Жаңбырдай сезіміме шашыраған көктегі,
Жұлдыздың саны жетеме?

Оууу оууу оууу жұлдыздың саны жетеме Оууу оууу
Арманым алға жетеме...

2

Туған жер, оттай ыстық көзіме.
Өзімеде,
Отаным үйім,сағыныш күйім.
Еліме, жеріме сезілеме...

bridge

Арманым алға жетеле,
Жаңбырдай сезіміме.
Шашыраған көктегі,
Жұлдыздың саны жетеме?
Оуууу оуу жұлдыздың саны жетеме?
оууу оуу
Арманым алға жетеле.

Аққудай ақ көңілім жүрегім еліме,
Арманым алға жетеле.
Жаңбырдай сезіміме шашыраған көктегі,
Жұлдыздың саны жетеме?

Оууу оууу жұлдыздың саны жетеме?
Оууу арманым алға жетеле,
Оуу арманым алға жетеле.

«Сағыныш күйім еліме»

Музыка: Серік Ибрагимов, Бауыржан Бимахан, Бақыт Бидаш

Слова: Бақдаулет Арыстан

Исполнитель

Рахман Сәтиев

1

Мен қазақтың баласымын, Даласымен мақтанған. Өнер сүйер дарасымын, Өлең жырды жастанған. Ән саламын бала жүрекпен, Даусымды естіп дала дір еткен. Мен қазақтың баласымын, Бақытты өмір бастаған.
Әкесімен анасының,
Айтқанынан аспаған.
Ән саламын бала жүрекпен,
Даусымды естіп дала дір еткен.

Бақыттымын бүгін,
Қандай жүрек соғат,
Тыңбай тыңдаңыздар қуанышымды.

припев

Бақытты баламын,
Сеземін өмір талабын.
Қиялдап аламын,
От болып, шоқ болып жанамын.

Мен бақытты баламын,
Әкем бар анам бар.
Мен бақытты баламын,
Елім бар жерім бар.

2

Мен қазақтың баласымын,
Биік тұрар намысым.
Ізін басам данасының,
Үлгі тұтам арысын.
Ән саламын бала жүрекпен,
Даусымды естіп дала дір еткен.

Бақыттымын бүгін,
Қандай жүрек соғат,
Тыңбай тыңдаңыздар қуанышымды.

«Мен бақытты баламын»

Музыка: Павел Ли

Слова: Құрманай Бахтиярқызы

Исполнитель

Тамила Рахимбаева

1

Дабыл жанған мен бақытты баламын,
Мақтанышы ата-анамның.
Би билеймін, шырқап әнге саламын,
Күлімдеймін қуанамын.
Оу оу жарқырап күн нұрындай,
Оу оу бақыттың жырындай.
Оу оу қабыл ал осы әнімді,
Балалық бал шырынды.

припев

Арманға сенемін,
Шарықтай беремін.
Өнерім деп өмір сүремін,
Биікке самғаймын.
Үмітті жалғаймын,
Жырымды сіздерге арнаймын.

2

Даңқы асқан мен елімнің қызымын,
Дархан жердің гүлнәзімін.
Сансыз алғыс айтамын өзіңе,
Туған елім, туған жерім.
Оу оу жарқырап күн нұрындай,
Оу оу бақыттың жырындай.
Оу оу қабыл ал осы әнімді,
Балалық бал шырынды.

«Арманға сенемін»

Музыка: Игорь Маркс

Слова: Мархаба Сәби

Исполнитель

Дина Диярат

1

Маған қолын бұлғап,
Тұрғандай бақыт алда.
Ғалам нұрын шашып,
Сыйлады жақұт арман.

припев

Ашық аспан астында,
Адамдар балғын.
Керуені осы келеді елім,
Қасиетті елімнің.
Туған жерімнің,
Жаныма қуат.
Мерекем менің...

2

Көкке қанат қағып,
Бұлттарға жетті қолым.
Өткен күндей жарық,
Болашақ нұрлы жолым.

«Қасиетті елім»

Музыка: Ербол Нариманұлы

Слова: Ляззат Ерубаева

Исполнитель

Рашида Узыханова

1

Терезені қар басып тұр,
Екеуміз отырмыз оңаша.
Келер дейміз алмасып бір,
Көктемнің күндері тамаша.
Соны ойлап үміт артып,
Жақындап саған,
Көнілденіп, күліп шалқып.

припев

Сенемін саған,
Сен де маған болмай алаң, сенші маған.
Сенемін саған...
Сенде маған сеніп артып келші маған.

2

Сенімсіздік жоғалады,
Өзара жарасып жұбымыз.
Бақыт құсы оралады,
Күмбірлі күміс күй үніміз.
Алаулаған деміңді бас,
Қызық пен балдай,
Өткізейік өмірді жас.

«Сенемін саған»

Музыка: Иван Бреусов

Слова: Әбдірахман Асылбек

Исполнитель

Назима Исаханова

1

Базарлы күнді, ажарлы күнді өткерген,
Жерұйығым менің арманға талай жеткерген.
Момахан ғана мінезі менен ауылдың,
Тайсалмай келемін талай өткелден,
Тайсалмай өтіп келемін талай өткелден.

припев

Бір жасаған келсе,
Жайлауда дайын, бақ дайын.
Шалқығым келсе,
Домбыра дайын, ән дайын.
Құтты ұям менің,
Өзіңе келдім сағынып.
Табалдырығыңды жыр болып бүгін аттайын,
Табалдырығыңды жыр болып бүгін аттайын.

2

Ауылым менің көп еді сенде сыр неткен,
Жырласам деген аяулы арман жыр көптен.
Қасиетті жер бұл,
Мәңгілік өзің сүйдіріп.
Бар әлемді сүюді маған үйреткен,
Бар әлемді сүюді маған үйреткен.

«Құтты ұям»

Музыка: Бағлан Омаров

Слова: Рүстем Жанаев

Исполнитель

Дильнура Биржанова

1

Жандарын елім деп құрбан еткен жерімде,
Көрмейікші зардабын енді азаптың.
Ғасырлар аңсаған азаттық деп қанша жан,
Армандарым жыр еткен мен қазақпын.
Көтеріп намыс ұранын,
Айтайық елдің жыр әнін бірге.

припев

Тудың желбіреп көгімде,
Туған елідің төрінде.
Қыран кұсым қалықтап самға,
Жеңістерді жеңістерге жалға,
Алға нұрлы таңға мәңгі.

2

Ақжарқын сезілген адалдығы көзінен,
Аналардың арнасы біз боламыз.
Хаһарман қақ жарған қара қылды сөзіммен,
Даналардың жалғасы біз ғанамыз.
Кеудеде соққан жүректе,
Тілекте жұмыр білекте бірге.

«Қазақпын»

Музыка: Қайрат Баекенов

Слова: Арман Дүйсенбі

Исполнитель

Мырзағұл Алмағамбетов

1

Қазағымның қасиетті дастан данасы-ай,
Ғұламасы батыр,ақылы асқан бабасы-ай.
Мәңгі...
Ақжайығым, Жетісуым, Арқам,Сырым-ай,
Арналады даламызға дархан жырым ай.
Сәнді...
Бэу туған елім-ай,
Өтемін сені жырлап елім-ай.

припев



Хала-ля-ку-ли-ла-лай

2

Дәстүрі мен салтын қастерлесе,
Құрметі мен елдің алғысына бөленіп.
Мәңгі...
Арманым жоқ менде ел намысын қорғасам,
Осынау әдемі бар әлемге жолдасам мәңгі.

«Дархан жерім»

Музыка: Ерген Айтымбетов

Слова: Арман Дүйсенов

Исполнитель

Нұрдаулет Тілекқабыл, Аяулым Айнабекова

1

Қарасаң ойлана,
Құлпырған айнала.
Ғажайып қайдада,
Керемет небір.
Бақытты балаша,
Күлкіміз жараса.
Емеспе тамаша,
Сүрсек өмір.

припев

Алтын өмір-ай,
Жарқын көңіл ай.
Жасай берсін мәңгі дүние,
Неткен сәнді.

2

Тап солай досымай,
Барады-ау осылай.
Соғыстан шошымай,
Алаңсыз жүрсең.
Бар бала ыр қалқым,
Ән салса шырқатып.
Осы ғой шын бақыт,
Ойнап күлсе.

3

Арайлы аспанда,
Күн нұрын шашқанда.
Орман, көл, тастарда,
Жасыншы балға.

4

Мынау кең заманда,
Мынау кең ғаламда.
Достарсың адамдар,
Шырқап шалқып.

«Алтын өмір-ай»

Музыка: Ғалымбек Исембергенов

Слова: Әбдірахман Асылбек

Исполнитель

Еркін Тұрсынхан

1

Ұлы елдің ұранымыз,
Азат елдің қыранымыз бүгін біз.
Ақындардың жалғасымыз,
Серілердің біз бүгінгі әніміз.

Ұлы дала, ұлы дала жырымыз,
Оу оу оу біз жырымыз.

припев

Самға желбіретіп туыңды,
Самға аямастан сенің жаныңды.
Самға...
Самға аямастан еліңді.
Аянба елің үшін биікке самға,
Самға оу оу сен самға.

2

Дархан дана даламыздың,
Бұрынғы өткен бабамыздың көзіміз.
Асылдардың сынығымыз,
Жақсылардың жайсаң айтқан сөзіміз.

Ұлы қазақ, ұлы қазақ еліміз.
Оу оу оу Ұлы елміз

«Самға»

Музыка: Шохан Әбдіхан

Слова: Мархаба Сәби

Исполнитель

Акерке Сулейменова, Дана Али, Айдана Джумагулова

1

Айнала нұрға бөленген,
Балалық пәк сезіммен.
Жайқалған жаз гүліндей,
Келешекті көрдім мен.

припев

Мереке күнімен,
Шатыққа бөленді ғаламат.
Қуаныш үнімен,
Бақытқа кенелді адамзат.

2

Ырыс толып әр үйге,
Шуақты болсын таңымыз.
Осы күнді шаттықпен,
Қарсалайық бәріміз!

«Мереке күнімен»

Музыка: Сержан Бақытжан

Слова: Сержан Бақытжан

Исполнитель

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

Министерство культуры и спорта РК

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»