ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» ФОНД "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ": С ЛЮБОВЬЮ К РОДНОЙ ЗЕМЛЕ
kz ru en

СКАЧИВАЙТЕ И ПОЙТЕ ПЕСНИ ВМЕСТЕ С ФИНАЛИСТАМИ «БАЛА ДАУЫСЫ» -2016!

Айым Узакбаева

1

Бауыңа сенің ән салам аралай,
Тауыңа сенің тамсанам қарап-ай.
Арман елімнің көңіліндей кең —
А-а-а-а, а-а-а! А-а-а-а —
далам-ай! Далам-ай!

припев

Бабамның аманатысың думан бел,
Анамның алақанысың туған жер, туған жер!
Бабамның аманатысың думан бел,
Анамның алақанысың туған жер,
Анамның алақанысың туған жер!

Қадірі асқақ, қазынам киелі
Алдыңда сенің басымды иемін.
Топырағыңды тізерлеп барып,
А-а-а-а, а-а-а! А-а-а-а — Сүйемін. Сүйемін!

2

Бабамның аманатысың думан бел
Анамның алақанысың туған жер, туған жер!
Бабамның
аманатысың думан бел
Анамның алақанысың туған жер,
Көзімнің қарашығындай қымбат,
Өзіңді ғана өтемін жырлап,
Анамның алақанындай туған жер,
Анамның алақанындай туған жер!

«ТУҒАН ЖЕР»

Музыка: Ренат Аубакиров

Слова: Мирас Қадырмұрат

Исполнитель

Ясмин Ибраева

1

Аңсайды папам,
Аңсайды мамам
Бой жетіп өскен кезімді менің.

Өткім келмейді,
Балалық шақтан
Еркелеп жүрген ертегі елім.

припев

Шашады шапағат,
Балалық махаббат
Өтпесін осы күндерім-тілегім.
Мен бәрін білемін,
Сезеді жүрегім
Кішкентай жүрегім

Армандап (балдырған) күндерді шаршадым,
Аралап бақшаларын.
Шыңдары - қия
Өткелі жоқ дария -
Деп мен аңсағанмын

2

Жүрегім - Анам,
Жол салып маған
Сол жолмен болашағымды табам.

Өткелден әкем,
Өткізген екен
Аңсаған армандарыма жетем.

«Кішкентай жүрегім»

Музыка: Галымбек Исмбергенов

Слова: Ермек Елгезеков

Исполнитель

Малика Смагулова

1

Күлімдеп көктем көңілде,
Көркем өмірде, бөленейік мөлдір сезімге.
Шынайы болса сөзіміз,
Болар жолымыз,
Өзгертетін бәрін өзіміз.
Бастау алатын тілегің,
Сенің тірегің — кеудеңдегі соққан жүренің!

припев

Бағала уақытыңды,
Бағала бақытыңды.
Ата-Ана, дос-бауырдың барын бағала!
Бағала адалдықты,
Бағала адамдықты.
Бағалай алмағанға бақ кеп қона ма?

2

Алданып елес сағымға,
Жолдан жаңылма.
Әр күніңді сый деп қабылда,
Қиындықтардан жеңілме.
Ешбір берілме,
Бақыт оңай келмес тегінде.

«Бағала»

Музыка: Ренат Гайсин

Слова: Мирас Қадырмұрат

Исполнитель

Ермек Бекмухамедов

1

Жан жылуын алған,
аяулы арман алыс емес сезінем.
Әр түнде сен деп көз.
ілем арман, арман, арман,
сенсің әнім жүрекпен салған!
Күнімдейсің шуағын төккен,
Бүршік жарып жайқалған жайлауымда, жайлауымда,
Гүлімдейсің Сееен!

припев

Аяулы арман жетелер алға!
Арайлы таңдар,
Алаулаған!
Шақырады алдан, әрдайым өзіңе асығам,
Аялаған арманым.

2

Сен — қуанышымсың,
Жұбанышымсың ұялаған жаныма.
Сен — жетелейсің бағыма арман,арман,арман,
Жұлдызымсың биікте жанған.
Айым да сен сәулесін сепкен,
Мен өзіңе әрқашан ұмтыламын,ұмтыламын,
Қанатым талмай!

«Аяулы Арман»

Музыка: Еділжан Габбасов

Слова: Аяулы Арман

Исполнитель

Адильхан Махамбетов

1

Жадыраса жаным,
Балалықтың дəмін.
Сезген бақыт екен - ау,
Жүзім күліп күндей.
Жабығуды білмей,
Арманыма жетем-ау.
Неткен өмір мәнді -сәнді,
Көтер көңіл жалынды.

припев

Жадыраса жаным,
Балалықтың дəмін.
Сезген бақыт екен - ау,
Жүзім күліп күндей.
Жабығуды білмей,
Арманыма жетем-ау.
Неткен өмір мәнді -сәнді,
Көтер көңіл жалынды.

2

Айдың түсіп нұры,
Жазда көлде жылы.
Шомылайық шулайық,
Ең бақытты шақта.
Серуен құрып бақта,
Сырғанайық зырлайық.
Неткен өмір мәнді -сәнді,
Көтер көңіл жалынды.

«ЖАЗ ЖЫЛЫТСЫН ЖАНЫҢДЫ»

Музыка: Ғалымбек Исмбергенов

Слова: Құрманай Бахтиярқызы

Исполнитель

Алихан Кабдилманов

1

Мені жап жас деп ойлап қалма текке
Ойым тереңдеу теңіздерденде...
Неге ертерек есейдің деп сөкпе
Əнді тыңдат Мені іздегендерге

припев

Ойландыр сананы
Жақындат араны
Ерлердің ерлігі
Іздеген табады
Мені іздегендерге
Жолдашы əнім ді
Үміт Үзбеген дерді
Шақырам бəріңді...

2

Алма алма көңілге
Бір біріңді өмірде...іздеңіздер сағынышпен бəрін
Алма алма ойыңа
Қуат барда бойыңда..іздеңіздер
Сағынғанда достарды

3

Жақын жандардан ұзақтама кетпе
Менде тапқан мын сені іздегенде
Текке орынсыз босқа болса өкпе
Əнді тыңдатшы мені іздегенге

«Мені іздегендерге»

Музыка: Мені іздегендерге

Слова: Құрманай Бахтиярқызы

Исполнитель

Дулат Абдикарим

1

Өмірдің қызығы достар деген - Алтау алып шың, асқар белең.
Болашақ күндерге бастар белең.
Дос деген біртұтас қауымбыз жарасты,
Білмейміз бөліну, таласты.
Біргеміз, бәріміз,
Әдемі әніміз,
Көрмесек, сағынып қаламыз,
Бөлінбес арамыз,
Бақытты баламыз.

припев

Достар, достар, достарым-ай,
Бірге жүрген-ай,
Өткізген қызықты күндер-ай,
Достар, достар, достарым-ай,
Ойнап-күлген-ай,
Балалық бал дәурен күндер-ай.

2

Күн сайын кездесіп қосыламыз, Айтысып, тартысып, жосыламыз,
Жеңіспен бағаны асырамыз.
Кейбір сәт біреуге ренжіп қалсақ та,
Берілмей намысқой мансапқа,
Табысып кетеміз.
Қайтадан сол шақта.
Ойынды беріле ойнаймыз,
Оқу бар, сабақ бар,
Оны да ойлаймыз

«ДОСТАРЫМ – АЙ»

Музыка: Серік Сыздықов

Слова: Абдрахман Асылбеков

Исполнитель

Луиза Нуркуатова, Карина Шайгузова, Нурай Айваркызы

1

Ай шуағымсың, бағалағаным!
Бойтұмарымсың аялаған әнім.

припев

Мама — жүрегімдесің,
Мама — бір өзіңе асығамын.
Мама — тілегімдесің,
Саған арналады асыл әнім!
Хуу-у-у, жанашырым!

2

Жан қуанышым пейілің көктем,
Бар жұбанышым мейірімін төккен!

3

Жылу берген жаныма
Аяулы, ең дааара
Мама — сен асылым, жанашырым!
Алыстасаң сағынам
Барым сен ғана.
Мама - ең аяулы жан асылым!

«Мама»

Музыка: Ренат Гайсин

Слова: Мирас Қадырмұрат

Исполнитель

Есения Епифанцева

1

Бала жүректі тербетіп.шаттық үні,
Жетелейді арманыма бірін-бірі.
Аялап жүр алақанға салып мені.
Балалық шақтың балауса балғын күні.
Арманым алыстағы.

припев

Жетелейді саған неліктен мені.
Балалықтың әні таусылмас.
Тербетеді жанды болашақ лебі...
Сәні сарқылмас.

2

Еркелеймін мен ,ерке күдерге тәтті.
Аралай бергім келеді балғын бақты.
Сезімі бөтен сағым күндерге неге,
Айырбастаймын мезгілсіз осы шақты?

«Ерке күндер»

Музыка: Бейбіт Оралұлы

Слова: Ермек Елгезеков

Исполнитель

Адина Сагынаева

1

Мектепке асығып келемін,
Мектебім алтын ұям зәулім, биік.
Сыныпқа қуана енемін,
Ұлағат ұстазымды қалдым сүйіп,
Қарсы алдым күлімдеп,
Жауқазын гүлім деп.
Сәлемге қайтардым сәлем,
Сол сәт басымды иіп.

припев

Мектебім менің -
Сүйікті мекенім.
Мектебім менің -
Мақтаныш етемін.
Мектебім менің -
Ардақтап өтемін,
Мектебім менің.

2

Мектебім - екінші анам ғой,
Аялап тәлім берген, әлпештеген
Мектептен зор білім алдым ғой,
Үйреніп түрлі өнер, ән-күй өрген,
Бір кезде жетіліп,
Қырандай бекініп,
Қанатты қағамын сонда,
Көкке шалқи өрлеп.

«Мектепбім менің»

Музыка: Ренат Аубакиров

Слова: Абрахман Асылбеков

Исполнитель

Дарина Магауина

1

Бақытты бақыт сезінген білсең,
Қарашы менің көзіммен жүрсең.
Әлемнің бәрі гүл еді білсең,
Табиғат қандай тамаша.
Сен жақсы болсаң, бәрі де жақсы,
Жақсы ойда болсын, үлкен де жасы.
Жылы ғой жақын жандардың қасы,
Еркелеп жүрсең балаша.

припев

Қарашы сен санасымен,
Ағы менен қарасымен.
Әлем сұлу боп көрінген,
Менің тұнық көздеріммен!

2

Құрмет пен ізеттің жолы терең,
Бабалар тарихты сыйла деген.
Ертегі ғаламда жүзер кемең,
Көзіммен менің қараса.

Өзіңдей етіп өзгені көрсең,
Бүгінді ойлап, ертеңге сенсең.
Үлкенді тыңдап, айтқанға көнсең
Бәрі де болар тамаша!

«Қарашы менің көзіммен»

Музыка: Серік Сыздықов

Слова: Құрманай Бахтиярқызы

Исполнитель

Айым Елтайқызы, Амир Кайсар, Нуржан Абилкасым

1

Ата-ананың үмітін,
Ақтасам деп күні-түн,
Армандайтын біз-орен.
Көңілді етіп өмірін,
Көтерсем деп көңілін,
Армандайтын біз-өрен.

Мойымайтын мұңға да,
Ұмтылатын шыңға да,
Біз боламыз мың бала.
Кезігерміз сынға да,
Өнеріміз шыңдала,
Боламыз мың бала.

припев

Бұл өнер солай,
Емес оңай,
Кедергілер кездеседі талай талай.
Бұл өнер солай,
Көңіл сарай,
Ұмтылады үлкендерге карай қарай.

Әдемі дауыс, тәтті тәтті өлең,
Сахна қызық қызық сәтпенен.
Калмайды көңілдеде әттеген,
Кошемет көрерменің коптеген.

Қызыл да жасыл сары ақ қара,
Түрлі-түсті жарықпен топтама.
Керемет ауенге кел билейік,
Биле досым сен де тоқтама.

2

Ән әлемі күшті әлем,
Бала кезден құштар ем.
Әндетуші ем тоқтамай,
Мектебімнен үйге мен,
Қайтушы едім бименен,
Сол қызықты шақтар-ай!

«Бұл өнер солай»

Музыка: Галымбек Исмбергенов

Слова: Жасұлан Жақсылықов

Исполнитель

Садраддин Болат, Диас Жорабек, Магжан Абдухамид

1

Екеуміз желпілдеген бозбаладай,
Көшені аралаймыз сарт-сұрт!
Қыздардың көзқарасын сеземіз-ай,
Жанары найзағайдай жалт-жұлт

припев

Келіп қасына, сөз теріп асыға,
Танысайық, кел бойжеткен, жасыма.
Біз сені басқалардан қорғаймыз
Көшелерде қарындасым, жүрме жалғыз.

2

Көшеде көріп қалсақ жалғыз қыз,
Бейне бір аспандағы ақ бұлт.
Үшеуміз жарқылдаған жұлдыздармыз,
Қорғауға асығамыз жарқ-жұрқ!

«Қорғаушылар»

Музыка: Еділжан Габбасов

Слова: Ермек Елгезеков

Исполнитель

Айлун Заушева

1

Ақ жаулықты аналар,
елім деп өткен бабалар туған осы далада!
Қасиетті, киелі топырағын бағала.
Кешегінің тілегі, келешектің жүрегі,
Азаттық деп білемін!
Тәуелсіздік тірегім, алаулаған күн едің.

припев

Ұлы дала! Ұлы өлкем!
Атамекен!
Шұғылалы шығысым — бақ-береке ырысым.
Қазағымның Руxы — Ұлы Абайдың жырысың!
Батыр Ордам — Батысым,
Ұлылардың ұлысы, ұлысың!
Оңтүстігім — байлығым
Алаулаған айбыным,
Сен аманда жанымды ала-алмайды қайғы мұң!
Солтүстігім — сәулелі аспандағы ай-күнім!
О-о-о!
Осы біздің аяулы арман Атамекен-ай!

2

Шуақ берген таңыма, қуат берген жаныма,
Айналғансың бағыма!
Атамекен — сен жайлы ән саламын тағы да!
Алатауым — асқарым. Қаратауым — дастаным, таңбалы тау-тастарым!
Айтшы мендей өзіңді аялайды басқа кім?

«АТАМЕКЕН»

Музыка: Байдалы Рыспанбетов

Слова: Мирас Қадырмұрат

Исполнитель

Мерхат Жылкыбаев, Мария Затварницкая

1

Жетелеген асыл арманға,
Жетелеген аппақ таңдарға.
Аяулы өмір, арайлы өмір!
Жолықтырып жақсы жандарға,
Арайлы күн шығып мәңгі алдан,
Әрдайым жарқыра,
Әрдайым жадыра,
Әрдайым жайнай бер — көңіл көгім!

припев

Өмір — арманның ғажайып әлемі,
Осының айқын дәлелі — екеуміз қосылып шырқаған,бақыттың әні еді!
Бағалы, осы сәт — ең әдемі!

2

Мейірімге толы айнала,
Жұлдыздармен көгі жайнаған.
Аспанымыз ашық,
Ақ таңымыз атып,
Аймаласын бақыт мәңгі жанды!

«Ғажайып әлем»

Музыка: Ренат Аубакиров

Слова: Мирас Қадырмұрат

Исполнитель

Рауан Матаева

1

Анашым деген сөз тəтті
Анаңмен жүрген кез тəтті
Анаңды суйген жүрекпен
Қараған оған көз тəтті...

припев

Анашыңа көмекші бол
Жанарына шырақ бол
Сен бəрінен ерекше бол
Шөлдегенде бұлақ бол...

2

Анада ғана мейірім
Кең еткен Ана пейілін
Жетпейді ешбір сөзімде
Қандай бір жанға теңейін...

3

Теңеуін таппай қыйналам
Аналар неткен сыйлы адам
Аналар берген махаббат
Əлемге мынау сыймаған

«АНАҒА ТЕҢЕУ ТЕҢ КЕЛМЕС»

Музыка: Болат Кохаманов

Слова: Құрманай Бахтияқызы

Исполнитель

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

Министерство культуры и спорта РК

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»