ФОНД «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» ФОНД "ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ": С ЛЮБОВЬЮ К РОДНОЙ ЗЕМЛЕ
kz ru en

СКАЧИВАЙТЕ И ПОЙТЕ ДЕТСКИЕ ПЕСНИ «БАЛА ДАУЫСЫ - ƏН БҰЛАҒЫ»

«ДОСТЫҚ»

«ДОСТЫҚ»

Музыка: Еркін Нұрымбетов

Слова: Арасанбай Естенов

1

Ажырамас арамыз, Тату-тәтті баламыз.
Достық туын көтере
Шырқап әнге саламыз

2

Достық барда сенімді
Әр күніміз көңілді.
Достарым ғой бөлісер Ауырды да жеңілді.

3

Қымбат жан ғой дос деген.
Дос көңілді қош көрем.
Достар барда жаныңда
Түйін қалмас шешпеген.

припев

Досың барда, шын жолдас,
Кірпігіңе мұң қонбас.
Берік болсаң достыққа Алынбайтын шың болмас.
Достық, Достық,
Шырқап әнге қостық.
Достық, Достық,
Шырқап әнге қостық.
Берік болсаң достыққа Алынбайтын шың болмас. Алынбайтын шың болмас.

Исполнитель

«ӘЖЕ»

«ӘЖЕ»

Музыка: Бекжігіт Сердәлі

Слова: Ернұр Сейдахмет

1

Еркелетер ұл-қызын бөле –жармай,
Қамқор болып жүреді бәрімізге.
Әжем менің –күй кітап, көне жырдай,
Ертегі айтып береді әлі бізге.

2

Сәуле-нұрға бөлейді айналасын.
Құрметтейді ел оның адамдығын.
Артық көріп жанынан әр баласын,
Жатса-тұрса тілейді амандығын.

припев

Әжем, әжем,
Шуағымсың әже,
Жыр-әнімсің әже,
Асыл әжем!

Исполнитель

«ПЕРВОКЛАССНИЦА РАМИНА»

«ПЕРВОКЛАССНИЦА РАМИНА»

Музыка: Светлана Апасова

Слова: Марат Адибаев

1

Первоклассница Рамина
Очень любит «витамины»:
Торт, варенье, апельсины,
С маслом-сыром бутерброд –
А потом берет тетрадки, И…?!
И к компьютеру идет. Да, да, да!

2

Говорит в слезах Рамина:
«Всем раздам я витамины!
Торт, варенье, апельсины,
Помидор и огурец…
А еще, в конфеты - перцу! Что…?
Чтобы вирусам – конец!» Да-да-да!

3

Говорит Рамина громко:
«Я хочу, чтоб на уроки,
Мы бежали в нашу школу –
На веселый звон звонка,
В нашу милую, родную, И…!
И учились там всегда! Да, да, да!

припев

Что же это? Что такое?
Мы хотим учиться в школе,
Но на завтрак, и в обед –
Вместо школы - интернет!

припев

Что же это? Что такое?!
Ни в гостях, ни на футболе…
Не играем, не поем –
Все с компьютером вдвоем?!

Исполнитель

«ЖАҚСЫ КӨРЕМ АПАМДЫ»

«ЖАҚСЫ КӨРЕМ АПАМДЫ»

Музыка: Арсен Бейсенов

Слова: Ернұр Сейдахмет

1

Мені жақсы көреді.
Маңдайымнан өбеді.
Айтсам анам сөзімен:
«Мен жайқалар терегі»

2

Ән жырымен көз ілем.
Мейірімін сезінем.
Жанға шуақ себілер,
Еркелеткен сөзінен.

припев

Қорғай алар Отанды,
Ұл боламын өсіп мен.
Ал әзірше апамды,
Қуантамын «бестікпен».

Исполнитель

«МОИ ВОЛШЕБНЫЕ СНЫ»

«МОИ ВОЛШЕБНЫЕ СНЫ»

Музыка: Марат Жакупов

Слова: Марат Адибаев

1

За окном метель метёт,
Снег кружится, падает.
Чуть потрескивает лёд,
Да искрится, радует.

2

Мчится Дедушка Мороз,
Расписные сани.
Колокольчики звенят,
Всем везёт подарки.

3

Он стучится в каждый дом,
К детям он приходит.
Со Снегурочкой вдвоём
Хороводы водит!

припев

Новый год! Новый год!
Пусть он радость принесёт!
Новый год! Новый год!
Пусть он счастья нам несёт!

Исполнитель

«МЕНІҢ САЛҒАН СУРЕТІМ»

«МЕНІҢ САЛҒАН СУРЕТІМ»

Музыка: Берік Оразалин

Слова: Ернұр Сейдахмет

1

Барлық бала ойнайтын,
Салдым ойын алаңын.
Түйе, пілден аумайтын,
Аспанға бұлт саламын.

2

Боялмаған қалды не?
Мынау біздің жолымыз.
Әткеншек те бар, міне,
Мынау біздің добымыз.

3

Шуақ -нұрын төгетін,
Күн күлімдеп тұрады.
Менің салған суретім,
Бәріне де ұнады.

Исполнитель

«ӘЛІППЕ»

«ӘЛІППЕ»

Музыка: Қорғанбек Ержан

Слова: Алмат Исәділ

1

Туған тілдің бастауы,
Әріптерден тараған.
Әліппеден ең алғаш,
Білім алған бар адам.

2

Қолымдағы әліппе –
Әріптердің тұрағы.
Менің аты-жөнім де,
Әріптерден тұрады.

3

Әліппені ашқанда,
Барлық бала қуанған.
Менің Ана тілім де,
Әріптерден құралған.

припев

Жаза аламын енді мен,
Отан, Ана, Бала деп,
Әліппеден үйреніп,
Өсіп-өнем дана боп.
Әліппеден үйреніп,
Өсіп-өнем дана боп.

Исполнитель

«КӨКТЕМ ТАҢЫ»

«КӨКТЕМ ТАҢЫ»

Музыка: Марат Сүтішев

Слова: Арасанбай Естенов

1

Таңды атырды мейірлеп, Таңды атырды мейірлеп, Ақ қірпігін Күн кере.
Шықтық қырға сейілдеп,
Шықтық қырға сейілдеп,
Достарменен гүл тере.
Мұз-қаймағы сылынған,
Мұз қаймағы сылынған,
Айдын көлім айнадай.
Көкорайлы қырымнан
Самал есер аймалай.

2

Әжем жайған сырмақтай,
Әжем жайған сырмақтай,
Көсіледі кең дала.
Көркемдігін жұмақтай,
Көркемдігін жұмақтай,
Қызықтаймыз таңдана.
Ақ шуақпен таласа,
Ақ шуақпен таласа,
Ерте тұрып ақ таңнан.
Қандай ғажап, тамаша
Күнмен бірге шаттанған!

Исполнитель

«Я РИСУЮ НЕБО»

«Я РИСУЮ НЕБО»

Музыка: Али Ермекбаев

Слова: Марат Адибаев

1

Я рисую небо, ветер, облака,
Звезды золотые светят с высока.
Спутники летают в глубине небес,
Сколько там загадок? Сколько там чудес?!

2

Днем поют там птицы, радуга-дуга,
Солнце ярко светит, греет берега.
Облака-кораблики, облака-мечты,
Унесут за край небесной высоты.

3

Нарисую море, юрту, пароход,
Почему-то юрта по морю плывет?!
Нарисую пальму, степи города,
До чего ж прекрасна Родина моя!

Исполнитель

«АТАМ МЕНІҢ АТБЕГІ»

«АТАМ МЕНІҢ АТБЕГІ»

Музыка: Айсұлу Тани

Слова: Арасанбай Естенов

1

Ауыздықпен алысқан,
Жанарынан жай ұшқан,
Сәйгүлігі дара боп,
Келер ылғи жарыстан.
Атам менің атбегі,
Бұл аймақта жоқ теңі.
Өзі айтқандай: «Жылқымен
Бір туып, бір көктеді».

2

«Бабын табар күліктің,
Бола білсең білікті ұл,
Сен де дара боласың!» -
Дейді маған, күліп бір.
Атам сөзі дем бере,
Үміт толып кеудеме
Мен де әкеліп байладым
Тор(ы) тайымды кермеге.

припев

Атбегіні сүйген ел,
Әрбір сөзін сый көрер.
Көп-ау біздің шаруамыз
Атамыздан үйренер.

Исполнитель

«ӘЖЕМНІҢ АҚ БАТАСЫ»

«ӘЖЕМНІҢ АҚ БАТАСЫ»

Музыка: Болат Кохаманов

Слова: Арасанбай Естенов

1

Демалысқа мен келіп,
Әжем қолы ұзарды.
Ауламызға өң беріп,
Гүл жайнаттым гүлзарды.
Аулаға өң беріп
Гүл жайнаттым гүлзарды

2

Күтіп-баптау, суғарып,
Міндетім ғой бұл менің.
Күн-күн сайын ырғалып,
Бой түзейді гүлдерім
Күн сайын ырғалып,
Бой түзейді гүлдерім

3

Сүйсінумен жағалай,
Жанарына жаз қона.
Шаттанады баладай
Әжем тіпті мәз бола.
Шаттанар баладай
Әжем тіпті мәз бола.

4

«Тіршілікке - өскін көк
Қамқор қол ғой керегі.
Гүлдеріңдей өс гүлдеп»
Деп батасын береді.
«Гүліңдей өс гүлдеп»
Деп батасын береді.

Исполнитель

«УТРО ВЕСЕННЕГО ДНЯ»

«УТРО ВЕСЕННЕГО ДНЯ»

Музыка: Майра Аблай

Слова: Марат Адибаев

1

Утром солнышко в окне
Весело сияет,
Небо синее весной
Облаками тает.
Вот и бабочки пархают,
Собирают пчелы мед,
Птицы радостно летают,
Кот мурлычит и поет.

2

На деревьях и кустах
Распустились почки,
На холмах и на лугах
Расцвели цветочки.
В небе радуга сияет,
А на речке тает лед
Ветерок лицо ласкает:
Нас на праздник он зовет

припев

Этот день весны чудесной
Отражается в глазах,
Будто крылья вырастают –
Очень хочется летать!

Исполнитель

«АҚ ҚАНАТТЫ АРМАНДАР»

«АҚ ҚАНАТТЫ АРМАНДАР»

Музыка: Сәукен Әліш

Слова: Арасанбай Естено

1

Асқақта,армандар, тау-шыңды ас,
Біздегі мақсатпен таусылмас.
Алысқа, алып ұш ғарышқа,
Қанатты қиялдың мауқын бас

2

Бір арман қырандай ақ қанат,
Тау сынды тұғырға баптамақ.
Ал біздің бар арман қайтсек те
Отанның сенімін ақтамақ!

припев

Дем беріп ақ қанат желкенге,
Жетеле бізді, арман, ертеңге.
Шыңдай түс ойымыз, бойымыз
Арманды алысқа ертерде

припев

«Арман жолы оңай болсын ба?
Күрессіз қолға құс қонсын ба?..»
Десе де тастүлек, бізді тек
Армандар, баста тек сол шыңға!

Исполнитель

«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫМ!»

«МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫМ!»

Музыка: Балнұр Қыдырбек

Слова: Алмат Исәділ

1

Мен мұғалім боламын өнегелі,
Білім нәрін беретін балаларға.
Мен құр(ы)лысшы боламын, шебер өзі,
Зәулім үйлер салатын қалаларда.

2

Мен дәрігер болуды қалар едім,
Бар адамға жанашыр, мейірімді.
Өрт сөндіру маманы болар едім,
От-жалыннан білмейтін жеңілуді.

3

Ғалым болам, тарихты аршып алам,
Жатқан бұғып ғасырлар қойнауында.
Шаруасы түлеген малшы болам,
Төрт түлігін өргізген жайлауында.

припев

Қалыспаймыз заманның көшін(е) еріп,
Жақсылықтың әрдайым досы болып.
Болашаққа ел үшін еңбек етер
Бір-бір маман боламыз өсіп-өніп.

Исполнитель

«ДОМБЫРАМЕН ЕГІЗ ЕЛ»

«ДОМБЫРАМЕН ЕГІЗ ЕЛ»

Музыка: Көмек Ыбрайұлы

Слова: Арасанбай Естенов

1

Көңілімнің көктемі
Күнім болып күлімде.
Қазағымның өткені
Домбырамның үнінде.

2

Тиіп кетсе саусағың,
Күй төгіліп шанақтан,
Заманымның әр шағын
Шежіредей таратқан.

3

Қиян асу талайы
Тартқан ылди, өрге де,
Жан сезімі, сарайы
Сақтаулы сыр пернеде.

припев

Жұртшылығын – тыңдарман
«Пай-пай, шіркін!» - дегізер,
Біз боламыз туғаннан
Домбырамен егіз ел.

Исполнитель

«ЖЫР ЖАМПОЗЫ – ЖАМБЫЛ АТА»

«ЖЫР ЖАМПОЗЫ – ЖАМБЫЛ АТА»

Музыка: Жандос Омаров

Слова: Арасанбай Естенов

1

Сүйінбайдай пірі бар,
Отты орақ тілі бар.
Әуенінің ән-жырлы,
Бірі –шекер, бірі – бал.
Ағын судай өрлеген,
Айтыста дес бермеген.
Шабыт алып оралған,
Мәскеудегі көрмеден

2

Қанатын құстай қомдаған,
Әлемге сәлем жолдаған.
Киесі қызыл жолбарыс,
Шақырып шабыт, қолдаған.
Елден асқан өнері,
Қызыл тіілдің кенені.
Жер жаһанға танылған,
Ұлы дала Гомері.

припев

О-о-о-о!
Жыр жампозы абыз Ата,
Жүз жасаған аңыз Ата.
Бар ғұмыры ән-жыр Ата,
Жыр дүлдүлі Жамбыл Ата!

Исполнитель

«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТӨСІНДЕ»

«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТӨСІНДЕ»

Музыка: Әділхан Адырбаев

Слова: Алмат Исәділ

1

Туған жердің төсінде,
Гүлдей жайнап өсемін.
Ата-анамды қуантып,
Биіктерге жетемін.

2

Тәуелсіздік – тұмарым,
Бәйтерегім – шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын!

3

Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты.
Мен – әлемге танытам,
Қазақ деген халықты!

припев

Жанарымда от жайнап,
Бойымда бар жас қайрат.
Желбірейді қолымда,
Аспан түстес Көк байрақ!

Исполнитель

Ұлттық балалар ән байқауы
«Бала дауысы»

Министерство культуры и спорта РК

Национальный детский песенный конкурс «Бала дауысы»